Торайғыров университетінде философия ғылымдарының кандидаты, философия және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының профессоры Степан Невмержицкий 85 жылдық мерейтойын атап өтті. 

- Торайғыров университетінің ұжымы мен студенттері сіз сияқты философия мэтрінен сабақ алып жүр. Бұл - біз үшін үлкен бақыт. Сіз саналы ғұмырыңызды ғылыми-ағартушылық қызметке арнадыңыз. Өмір бойы жинаған біліміңізбен жастармен бөлісіп жүргеніңізге қуаныштымыз.  Сіз - әрдайым өз көзрақастарыңызбен ерекшеленген тұлғасыз. Себебі, сіз үшін адалдық, еңбекқорлық пен парасаттылық қағидаттары бірінші орында. Сіз тұлға және маман ретінде жетілуге тырысып, осы қасиетті өзгелерден талап етесіз. Ал сіздің даналығыңыз бен өмірлік оқиғаларыңыз бізге көмектеседі, - деп атап өтті ЖОО ректоры. 

Степан Васильевич студенттер мен әріптестері арасында зор құрметке ие. Бүгінде жастармен өз тәжірибесімен, терең білімімен бөлісіп жүр. Студенттерге философия, философия мен ғылым тарихы, риторика, шешендік өнер бойынша дәріс оқиды.

Ғалым 50-ден астам  мақала мен оқу құралының авторы. Оның жетекшілігімен талай дипломдық және магистрлік жұмыстар қорғалды.