Торайғыров университетінде экономика және құқық факультетінің деканы,  з.ғ.к, қауымдастырылған профессор Юрий Колесниковтың  «Право как зеркальное отражение социальной жизни»  атты авторлық курсының тұсауы кесілді. Курс  жанжалдық құқық және серіктестік құқығы саласына жатады. 

 

"Жанжалды дұрыс шешу үшін жанжалдың не екенін білу маңызды. Ол қалай пайда болады, қандай фазалар арқылы өтетінін біліп алған жөн. Жанжалды зерттеу мен бұл курстың маңызы осында, - дейді Юрий Колесников. 
Курста жеті бөлім бар: жанжал теориясына кіріспе, жанжалды басқару, тұлғааралық және отбасылық, ұйымдастырушылық және еңбек, діни жанжалдар және оларды шешудің жолдары, сонымен қатар, жеке жанжалдар ішіндегі әлеуметтік-психологиялық негіздері. Курс 36 және 72 сағатты құрайды.