ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Алиев Торайғыров университетінде жұртшылықпен кездесті, онда экологтар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері өзекті мәселелерді көтеріп, оған маңызды сұрақтар қойылды.  

 

 

- Павлодар облысының экологиялық жүйесі жоғары техногендік жүктемеге ие. Тиісінше, өңірде өнеркәсіптік кәсіпорындардың үлкен әлеуетінің болуы шығарындылар көлеміне тікелей әсер етеді,- деді вице-министр.

Оның айтуынша, 2025 жылдан бастап кәсіпорында кешенді экологиялық рұқсаттың болуы туралы талаптар күшіне енеді. Оған сәйкес еліміздің қоршаған ортаны ластайтын 50 ірі кәсіпорнында тазалау бойынша заманауи технологиялар енгізілуі тиіс. Кешенді экологиялық рұқсаттарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган береді.

Жомарт Алиев кәсіпорын кешенді экологиялық рұқсат алған кезде оған облыстық бюджетке төлем жасаудың қажеті жоқ екенін айтты. Бұл қаражат материалдық жабдықты жаңғыртуға және қуат көрсеткіштерін арттыруға бағытталатын болады.