Ұлттық тестілеу орталығы 4-31 наурыз аралығында Торайғыров университетінің базасында мектеп түлектеріне ҰБТ өткізеді. 

 

 

ToU ҰТО өкілдерімен бірге тестілеуді бастауды және өткізуді ұйымдастыратын университет қызметкерлері қатарындағы кезекшілерді тестілеу үшін жағдай жасады, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің тұрақты кезекшілігі жүріп жатыр. 

Айта кету керек, ҰБТ-ға тіркелу жалғасуда, ол 10 наурызда аяқталады. Қазіргі уақытта оқушылардан 897 өтініш қабылданды.

Талапкерлерге тестілеуде сәттілік тілейміз.