Торайғыров университетінде 7-8 сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру жұмысы өтті.

200-ден астам оқушы алғаш рет университет қабырғасында болып, оқу зертханаларымен танысып, мамандықтар мен студенттік өмір туралы білді.
—ЖОО-да кәсіптік бағдар беру жұмысының картасы әзірленді, оның ерекшелігі ерте кәсіптік бағдар беруді ұйымдастыру және жүргізу болып табылады. Факультет және IT-мектеп өкілдері  № 6, 1, 2, 40, 37, 21, 4, 27, 41 мектептер, Ы. Алтынсарин атындағы гимназия, 20 лицей оқушыларымен кездесті. Торайғыров университеті ғылыми және шығармашылық қызметте жоғары әлеуетке ие талапкерлерге қызығушылық танытады, - деп атап өтті Foundation факультетінің деканы Сәуле Ксембаева.