Торайғыров университетіне Қазақстан Республикасындағы
Ұлыбритания Елшілігінің бірінші хатшысы
 Бэт Маккендрик келді.

- ToU халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытын жалғастыруда! Ең алдымен, қонақ біздің оқу орнымыздың техникалық және кадрлық мүмкіндіктерін бағалады. Маккендрик ханыммен біз сондай-ақ корольдіктің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен перспективаларын талқыладық. Тәжірибе жинап, Ұлыбританиядағы университеттерде жоғары білім беру жүйесінің қалай жұмыс істейтінін көру бізге де пайдалы болар еді. Жақын арада мұндай серіктестік мүмкін болатынына сенімдімін, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

Елшіге зерттеу зертханалары көрсетіліп, ЖОО бойынша экскурсия жүргізілді.