Торайғыров университетінде 7-8 сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру жұмысы өтті.



100-ден астам оқушы алғаш рет университет қабырғасында болып, оқу зертханаларымен танысып, мамандықтар мен студенттік өмір туралы білді.


—ЖОО-да кәсіптік бағдар беру жұмысының картасы әзірленді, оның ерекшелігі ерте кәсіптік бағдар беруді ұйымдастыру және жүргізу болды. Факультеттер мен IT-мектеп өкілдері қаланың № 24,39 және 17 мектептерінің оқушыларымен кездесті. Торайғыров университеті ғылыми және шығармашылық қызметте жоғары әлеуетке ие талапкерлерге қызығушылық танытады, - деп атап өтті Foundation факультетінің деканы Сәуле Ксембаева.