Торайғыров университетінде ЖОО-ның спорт секцияларының тұсаукесері өтті.

-Бүгінгі таңда көптеген адамдар спортты хобби немесе стрессті шығару және эмоцияларды беру құралы ретінде таңдайды. Бірақ ең бастысы, жастар арасында спортқа сұраныс бар. Бұл ToU студенттерінен көрінеді, олардан университет қабырғасындағы спортпен шұғылдану туралы көптеген сұрақтар туындайды. Сондықтан да бүгін Торайғыров университетінде спорттық даму дирекциясының жаңартылған бағдарламасы таныстырылды,- деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.
Спорттық даму дирекциясында дзюдо, үстел теннисі, бадминтон, шахмат, тоғызқұмалақ, таэквандо, еркін күрес, баскетбол, волейбол, бокс, қазақша күрес сияқты 18 спорт түрінен 15 жаттықтырушы жұмыс істейді.