"AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" жастар қанаты Торайғыров университеті  жатақханаларына мониторингтік жұмыстар жүргізді.

Мониторингтің мақсаты жатақхананы тексеру, санитарлық, техникалық, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі нормаларын тексеру болып табылады.

Мониторингке Павлодар облысының жастарды қолдау жөніндегі кеңесінің мүшелері, қалалық және облыстық мәслихат депутаттары қатысты.