Торайғыров университеті студенттердің микробіліктілігін тану бойынша "KSP Steel" ЖШС металлургиялық кәсіпорнымен бірлескен іс-қимылды кеңейтеді.

Айта кету керек, Торайғыров университеті 2022 жылдан бастап Павлодар облысының жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атласы бойынша әзірленген инновациялық білім беру бағдарламаларының тізбесін кеңейтуде.

Павлодар өңірінің өнеркәсіп кәсіпорындарымен тығыз өзара іс-қимыл жасау, бакалавриат студенттерін жұмыс мамандықтарын алу  микробіліктілік бағдарламалары бойынша 2 курста даярлау осы ББ ерекшеліктері болып табылады.

Ағымдағы жылы студенттер үшін бірнеше микробіліктілік бағдарламалары іске қосылды: "Жабдықтарды жөндеу жөніндегі әмбебап маман", "Бақылау жөніндегі маман", "Қара және түсті металдар өндірісіндегі бақылаушы".

- Біз инновациялық білім беру бағдарламаларына енгізген университет  түлегінің моделі бакалавриат деңгейінде оқу процесінде ұлттық біліктілік шеңберінің 4-5 деңгейінің бірнеше микробіліктілігі мен нанодеңгейлері бойынша бітірушіні сертификаттауды білдіреді, бұл еңбек нарығында 3, 4-курста сұранысқа ие болуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

Сонымен қатар, ЖОО 2022 жылдан бастап Павлодар облысының жаңа кәсіптері мен құзыреттіліктерінің атласы бойынша 12 инновациялық ББ ашты.