Торайғыров университетінде жетім студенттермен және ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен кездесу өтті.
ToU әрдайым көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге, жетім балаларға қолдау көрсетеді.

 

 

 

Айта кетейік, 2019 жылдан бастап көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған "Amanat" партиясының "Бақытты отбасы" жобасы жүзеге асырылуда.
"AMANAT" партиясының Торайғыров  университеті БПҰ көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, мүмкіндігі шектеулі, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға және аз қамтылған азаматтарға өмір сүру және әлеуметтік қолдау үшін қолайлы орта қалыптастыру бойынша үлкен жұмыс жүргізуде.
- Университеттің тікелей қатысы бар бұл жобаның маңызды бағыттарының бірі - инклюзивті білім беруді дамыту. Университетте ерекше қажеттіліктері бар студенттерді жайлы және қолжетімді оқыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда, ал жақында студенттер өз сұрақтары бойынша кеңес және басқа да көмек ала алатын арнайы ресурстық кабинет ашылды. Біздің студенттерімізді жарқын естеліктер мен жетістіктерге толы тамаша болашақ күтіп тұр деп сенеміз, - деп атап өтті Еркін Садықов.