ToU студенті Александр Курмантаев 48 ұпай жинап, турнирдің үздік ойыншысы атанды. Александрды.

 

ҚР Бочча Федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев марапаттады. 
Үш күн бойы Қазақстанның 50-ден астам мықты боччистері Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының алаңында чемпион атағы үшін күресті. 
- Боччадан республикалық турнирде үздік атанған Александр Курмантаев - керемет табандылық пен позитивтің үлгісі. Адамның тек оқуға ғана емес, спортқа немесе басқа да әуесқойлыққа назар аударуы маңызды. Осының арқасында біздің әрқайсымыз әр түрлі жағынан дами аламыз, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.
Сонымен қатар, Александр Курмантаев боччадан Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегері болып табылады.
ҚР бочча кубогына Астана, Алматы қалаларынан және Жетісу, Қарағанды, Павлодар, Абай, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау облыстарынан келген жас және ересек спортшылар қатысты.