Торайғыров университетінде "БАҚ пен интернеттегі сөз бостандығы және араздық тілі" тақырыбында тренинг өтті.

 

Спикер медиатренер Татьяна Голубцова болды. 
- Медиа сауаттылық 21 ғасырдағы икемді шеберлік. Біз әлеуметтік желілерде жариялаған ақпарат үшін жауап беретінімізді түсінгеніміз жөн. Медиа сауаттылықты меңгеру өте маңызды. Сіз бен біздің құқықтарымыз медиа ақпараттық сауаттылықпен байланысты, өйткені біз оларды ақпараттық технологиялар арқылы медиада іске асырамыз, - деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар, Татьяна Голубцова медиа ақпараттық сауаттылықтың (МАС) бес заңы, оның негізгі тұжырымдамалары туралы айтып, факчекинг бойынша кеңестер берді.
Айта кетейік, дәріс этномәдени бірлестіктердің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бейбітшілік пен келісім жолы" халықтық экспедициясы жобасы аясында өтті.
Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктердің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бейбітшілік пен келісім жолы" халықтық экспедициясы Қазақстанның тарихи және киелі орындарына барады, оның мүшелері жастар үшін ақпараттық және этносаяси сауаттылық бойынша сабақтар өткізеді.
Экспедиция екі негізгі бағытта жүзеге асырылады: "Павлодар – Семей – Өскемен" және "Қостанай-Көкшетау – Петропавл".