Торайғыров университетінің студенттері Нұрсұлтан Назарбаев Қорының студенттік стипендия байқауында жеңіске жетті. 

Биыл ToU-дан үш студент стипендия иегері атанды, олар: Татьяна Шевченко, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенті, Данияр Ершенев – Computer Science факультетінің студенті және Тимур Ахметжанов, экономика және құқық факультетінің студенті.
Олар атап өткендей, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры стипендиясының иегері болу үшін үлгерімнің жоғары көрсеткіштері жеткіліксіз. Жастардың таланты мен әлеуетін ашуға арналған жобалар мен бағдарламаларға қатысу және жеңу де маңызды. Олардың ішінде конференциялар, форумдар, жарыстар, конкурстар, баяндамалар, волонтерлік акциялар және т.б. бар.
- Мен бұл сыйақыны күш-жігерімді жоғары бағалау және одан әрі өсуге ынталандыру ретінде қабылдаймын. Мен жасаған әрбір қадам қоғам мен университет ортасына пайда әкелуге бағытталған. Жаңа мәртебе маған кәсіби дағдыларды дамытуға көмектесетін оқуға және қосымша істерге белсене қатысуға  мүмкіндік берді. Мен үшін бұл шәкіртақы тек қаржылық қолдау ғана емес, бұл мен таңдаған кәсіби жолға деген сенімділікті арттыратын көтермелеу, – деп атап өтті Татьяна Шевченко.
Айта кету керек, байқау 2010 жылдан басталды және ақылы және ақысыз негізде оқитын студенттер стипендияға үміткер бола алады.