Торайғыров университетінде "Мәшһүртанудың ғылыми негіздері және заманауи гуманитарлық ғылымдардың дамуы" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шақырылған қонақтар қатарында Түркия елінің ғалымдары, Р.Б. Сүлейменов атындағы 
Шығыс институты жанындағы тарихи материалдарды зерттеу жөніндегі республикалық ақпараттық орталықтың директоры, "Егемен Қазақстанның" Бас директоры, сонымен қатар университеттің Филология және журналистика және Үштұғырлы тіл кафедраларының профессорлары болды. 
Конференция қатысушыларына арнап жоғары оқу орнының ректоры Еркін Садықов құттықтау сөз сөйледі. 

Павлодар өңірінде Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мәдени-тарихи мұрасын сақтау бойынша кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Орталық мешітке оның есімі берілді, 2006 жылы ескі мазардың орнына кесене салынды. Бүгінде бұл кесене аймақтың мәдени-тарихи көрнекті орны, жүздеген адамдар баратын киелі орын болып табылады. 

ЖОО-да 2004 жылдан бастап ғылыми-практикалық орталық жұмыс істейді, "Мәшһүртану" пәні енгізілді, М.Ж. Көпеевтің 20 томдық шығармалар жинағы мен энциклопедия, балаларға арналған иллюстрацияланған әңгімелер жинағы жарық көрді, орыс тілінде үш томдық басылым шығарылды, онда бұрын жарияланбаған ең үздік шығармалары мен жұмыстары басылған, сондай-ақ ToU-да Мәшһүр Жүсіптің еңбегін шет тілдеріне аудару бойынша көптеген жұмыстар жүргізілуде, сондықтан оның баға жетпес еңбектері қазақстандықтарға ғана емес, бүкіл әлемдік ғылыми қоғамдастыққа қолжетімді болады. 

Қазақстанда ғана емес,  Америка мен Жапонияда, т.б  елдерде Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мұрасын зерттеуші жас зерттеушілердің саны артып келеді. Сонымен қатар, "Мәшһүр Жүсіп" қорының медальдары да табысталды.