Естай атындағы мәдениет сарайында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай мерекелік концерт және облыс фермерлерінің жетістіктері көрмесі өтті. Облыс әкімі Асайын Байханов аграршылардың Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

 

 

- Ауыл шаруашылығы қызметкерінің еңбегі - бүкіл адамзаттың болашағына қосқан нақты үлес деп айтқым келеді. Жыл сайын біз жер мен су ресурстарын сақтау, ауыл шаруашылығы технологияларын жақсарту және оның өнімділігін арттыру қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Қазіргі аграрлардың инновацияға деген ұмтылысы және олардың жұмыстағы табандылығы — ертеңгі күннің сәтті болуының кепілі.
Агроөнеркәсіпте жұмыс істейтіндердің барлығын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

Айта кетейік, Торайғыров университеті Павлодар облысының көптеген аграршыларымен ынтымақтастықта жұмыс жасайды және саланың дамуына, оның ішінде ғылыми жобаларды іске асыру және АӨК үшін жаңа технологияларды әзірлеу есебінен өз үлесін қосуда.