Торайғыров университетінде қызметкерлер мен профессор-оқытушылар құрамы арасында мини-футболдан университет кубогының ұтыс ойыны аяқталды

 

"Алтынды" Энергетика факультетінің командасы, "күмісті" - Computer Science факультеті, ал "қоланы" Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті алды.

Спорттық ғимараттар дирекциясы ойындардың керемет болғанын, толқумен өткенін, қатысушылардың жеңіске деген көзқарасы мен қарсыласын жеңуге деген ұмтылысы сезілгенін атап өтті. Торайғыров университеті салауатты өмір салтын ұстанады, ал спорттық іс-шаралар ЖОО-ның ежелден келе жатқан дәстүріне айналды.

Командалар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.