Торайғыров университетінде бірінші курс студенттері үшін денсаулық күні өтті. 
Жаңадан келген студенттер өздерінің төзімділігін, күш-жігерін және командалардың бірлігін көрсетті.

 

- Спорттық мереке ерекше өтті! Ең бастысы, оның барлық қатысушылары еркін жағдайда араласып, сөйлесе алды. Осы күнді біздің ЖОО қауымдастығымен бөліскендердің барлығына рахмет, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов 

Барлық факультеттердің өкілдері арқан тартысып, футбол, волейбол және басқа да спорт түрлерінен жарысты.

Фестиваль аяқталғаннан кейін жеңімпаздар керемет сыйлықтармен марапатталды. 
Сонымен қатар, барлығына палау берілді.

"Trend GROUP LTD" ЖШС қолдауымен