Торайғыров университетінде Қазақстандағы Erasmus + бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Палуановамен консультациялық кездесу өтті.

 

Профессор-оқытушылар құрамымен және ЖОО қызметкерлерімен кездесу барысында спикер Erasmus + халықаралық бағдарламасы туралы слайдтармен таныстырып, жобалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұдан басқа, қол жеткізілген нәтижелер көрсетілді және жобаларды іске асырудың алдағы перспективалары, ұтқырлықты ұйымдастыру тәсілдері, сондай-ақ бағдарламаның әлеуетті қатысушылары үшін өтінімдер нысанын талдау талқыланды.

 - Жаһандану жағдайында бізге басқа жоғары оқу орындарының тәжірибесін зерделеу, олармен өзара іс-қимыл жасау және сол арқылы университетіміздің, оның оқытушылары мен түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет. Бүгінде біз бүкіл әлем бойынша ондаған жоғары оқу орындарымен жұмыс істеп жатырмыз және кез келген ынтымақтастыққа дайынбыз. Erasmus + жобасының арқасында біз Қазақстаннан тыс жерлерде жаңа серіктестер таба аламыз деп үміттенемін, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

Сонымен қатар, университетте төрт Erasmus ЖБӘА жобасы (Жоғары білім беру әлеуетін арттыру) және оннан астам еуропалық жоғары оқу орындарымен шарттар бар, олардың шеңберінде ПОҚ пен студенттердің ұтқырлығы жүзеге асырылады.

Erasmus+ - бұл Еуропалық Одақтың білім беру бағдарламасы, ол әлемнің әртүрлі елдерінен келген студенттер мен оқытушыларға арналған бірнеше бағыттарды қамтиды және Еуропадағы қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді білім беру қызметіне стипендия алуға мүмкіндік береді.