Торайғыров университетінің HR-қызметі "онбординг" форматында ЖОО-ның жаңадан келген қызметкерлерімен кездесу өткізді. 

Кездесудің модераторы болған HR қызметінің директоры Анара Жәкішева ToU құрылымын және ішкі нормативтік құжаттарды ұсынды. 

 

Сондай-ақ, мәжіліс залында университеттің басқа бөлімшелерінің өкілдері де сөз сөйледі.

Семинарда лауазымдық нұсқаулықтарды регламенттеу, университеттің мақсаттарымен, миссиясымен, стратегиясымен танысу, білім беру порталымен жұмыс істеу, этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасы, сондай-ақ ЖОО-дағы психологиялық-педагогикалық құзыреттердің рөлі сияқты тақырыптар айтылды.

ToU ішін жылдам шарлау үшін жаңа әріптестерге бейне жадынама ұсынылды.