Осы күндері «Жаңа Қазақстан – Жаңа кәсіподақ» бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының форумы өтті, оған Торайғыров университеті қатысты. 

Пленарлық бөлімді «Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гүлбарам Науразбаева ашты. Ол «Жаңа Қазақстан – Жаңа Кәсіподақ» Білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағын дамыту тұжырымдамасының негізгі бағыттарын атап өтті. Солардың бірі-кәсіподақта жаңа технологиялар мен жобалық менеджментті іске асыру.

 

Облыста заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған кәсіподақ Co-Working орталықтары ашылып, жұмыс істейді. Облыс кәсіподағы Торайғыров университетімен бірлесіп ЖОО базасында кәсіподақ қозғалысының проблемаларын зерделеу бойынша зертхана ашты. Бұл жоба «Жаңа Қазақстан – Жаңа кәсіподақ» тұжырымдамасы шеңберінде кәсіподақты дамыту перспективасында түйінді позицияны алады және кәсіподақ қызметін зерттеу және мониторингтеу бағдарламасын табысты іске асыруға көмектесе алады.

ЖОО қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Жастлек Уахитов университет пен Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы арасындағы меморандум және жоғары оқу орнындағы қолданыстағы ұжымдық шарт шеңберінде кәсіподақ мүшелігін ынталандыруға және кәсіподақ мүшелеріне түрлі әлеуметтік қолдау көрсетуге ықпал ететін бағдарламалардың іске асырылуы туралы айтып берді. ЖОО-да кәсіподақ ұйымы штаттық қызметкерлерге тегін біліктілікті арттыру курстарын ұсынады, сондай-ақ сауықтыру шараларын ұйымдастырады. Сонымен қатар, медициналық қызметтердің кең спектрі ұсынылған емхана, сондай-ақ психологиялық көмек кабинеті бар.

Форумға барлық қалалар мен аудандардың бастауыш кәсіподақ ұйымдарының, құрылымдық бөлімшелердің 60 төрағасы қатысты.