Торайғыров университетінде бакалавриат студенттеріне дипломдар салтанатты түрде табыс етілді.

 

Көптен күткен бакалаврлар мен магистрлер дипломын алуымен ЖОО Басқарма Төрағасы – ректоры Еркін Садықов құттықтады.

- Бүгін мен студенттік жылдарымды тағы да есіме түсірдім. Алдында барлық есіктер ашық екенін білгенде бұл сезім есіме түсті.  Осының бәрін мен көптен күткен дипломдарын алған Торайғыров университеттің түлектерінің көздерінен және күлкілерінен көрдім, - деді Еркін Садықов. 

Кездесуде Торайғыров университетінің студенттік филармониясының солистері мерекелік концерт қойды. 

Биылғы жылы ToU-да оқуды 1200 бакалавр аяқтады. 

Сонымен қатар, бүгін университет түлектерінің біріне ұсыныс жасалып, ол «иә!»-деді.