Торайғыров университетінің студенті Минскіде дипломдық жобасын қорғады.

«Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану» қос дипломды бағдарламасы бойынша қорғау өтті. Бұл бағдарлама ToU-да Беларусь мемлекеттік технологиялық университетімен бірлесіп жүзеге асырылады.

 

Қорғау нәтижелері бойынша Арайлым Сайлауова «өте жақсы» балл алды. Диплом жобасының тақырыбы -  «Қалдықтарды қайта өңдеу қоғамның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыты ретінде».

Айта кетейік, бұл қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша екінші бітіруші. Келесі жылы ҚОҚ-302 тобы оқуға барады.