Торайғыров университетіне «Туған жерге тағзым ету» ғылыми-зерттеу экспедициясы аясында өңірдің, жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындардың тарихы мен мәдениетін дәріптеу, оның әлеуетін зерттеу мақсатында   Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия-биологиялық бағытта оқитын оқушылары келді.

- Торайғыров университеті ғылыми және шығармашылық қызметте жоғары әлеуетке ие талапкерлерге қызығушылық танытады. ЖОО Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларына дәрістер өткізуге және оның түлектерін қабылдауға дайын. Алдағы уақытта екі ұйым арасындағы ынтымақтастық артып, бірлескен іс-шаралар өткіземіз деп үміттенеміз, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.
НЗМ оқушылары ЖОО-ның коворкинг-орталығындағы ғылыми жобалар көрмесіне, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және жаратылыстану ғылымдары факультеттеріне барып, ғылыми-зерттеу зертханалары мен Технопарк жұмысымен танысты.

Айта кетейік, ЖОО-да НЗМ түлектері Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірқатар пәндерін қайта тапсыру шартымен 3 жыл оқи алатын бағдарлама бар.