Мичиган штатының профессоры  Дуглас Хартман Торайғыров университетінде болды. 

Кездесу барысында профессор үшін университет бойынша экскурсия ұйымдастырылды. 

 

- Қашықтықтан білім беру кезінде үздік атанғысы келетін университеттер жұмыстарына өзгерістер енгізу керек. Шетелдік әріптесіміздің тәжірибесі Торайғыров университетінің құрамы үшін пайдалы болады деген сенімдемін, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов. 

Сонымен қатар, техникалық бағыттағы мамандықтар үшін арнайы курстар онлайн платформасы жобасын құру бастамасы көтерілді. Мичиган штатынан келген профессор оқытушыларымызбен бірге платформаның әдістемелік бөлігін толықтыруға ат салысады.