Торайғыров университетінің делегациясы «Проманалит» ЖШС-на жұмыс сапарымен барды.

- «Проманалит» мамандарымен бірге біз экологиялық жобаны іске асыруға кірістік. Бұл тәжірибе ЖОО мен оның ғалымдарына Павлодар облысында қоршаған ортаны қорғау мәселесінде өз үлесін қосуға мүмкіндік береді. «Проманалит» инженерлері мен ToU ғалымдары бірлесіп жүзеге асыра алатын бірқатар қызықты ҒЗТКЖ жобаларын талқылауда, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғылым қорының конкурсына коммерцияландыру бойынша бірлескен жоба әзірлеуге шешім қабылдады. Айта кетейік, ToU және «Проманалит» ЖШС - серіктестер. Мәселен,  ЖОО студенттері Қазақстандағы газ аналитикалық жабдықтың негізгі өндірушісі және әзірлеушісі болып табылатын кәсіпорынға одан әрі жұмысқа орналасу тәжірибесінен өтеді.