Торайғыров университет делегациясы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің базасында өткен білім беру көрмесінде жоғары оқу орнын таныстырды.

 

 

Бұл көрме Атырау және Маңғыстау облыстарына бөлінген нысаналы білім беру гранттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында өтті.

Дәстүрлі көрмеде еліміздің қырыққа жуық жоғары оқу орындары талапкерлер мен ата-аналарға өздерінің білім беру бағдарламаларын ұсынды. Көрме аясында Атырау облысының мектеп түлектеріне арналған шеберлік сыныптары, семинарлар, тренингтер өтті. Сондай-ақ, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев университет ректорларымен «Атырау-Маңғыстау» нысаналы гранты бойынша кездесті.