Торайғыров университетінің шетелдік студенттері Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының өкілдерімен кездесті.

Кездесуге басқарма бастығының орынбасары Гомар Шабиденов қатысты.

Кездесу барысында студенттер визалық ресімдеу, шетелдіктерді Қазақстан Республикасының аумағында тіркеу мәселелерін талқылады.

Гомар Шабиденов этникалық қазақтар үшін тұруға ықтиярхат пен азаматтық алу рәсімін түсіндірді. Бұдан басқа, қатысушыларға құжаттарды ресімдеу мерзімдерінің сақталуы және олар бұзылған жағдайда әкімшілік жаза туралы ақпарат берілді.

Айта кетейік, Торайғыров университетінде Нигерия, Ресей, Моңғолия, Қытай, Пәкістан, Ирак, Ауғанстан және т. б. елдерден 250-ден астам шетелдік студенттер оқиды.
Кездесуді International Office tourpartner ұйымдастырды.