Әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының қызметкерлері университеттің Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат кафедрасының оқытушыларымен бірлесіп қоғамдық-саяси пәндер бойынша бірқатар оқу құралдары мен әдістемелік ұсынымдар дайындады.

Авторлары - Әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының директоры,
саясаттану ғылымдарының кандидаты, профессор Ильдар Қалиев, саясаттану ғылымдарының кандидаты, профессор Мейрамгүл Алтыбасарова және әлеуметтік ғылымдар магистрі, ғылыми қызметкер Борис Поломарчук.
-Қазіргі уақытта біздің елімізде маңызды қоғамдық-саяси өзгерістер, оның ішінде мемлекеттің саяси жүйесін реформалау жүріп жатыр. Мұның бәрі біздің азаматтарымыздың осы процестерге белсенді қатысуын талап етеді. Осыған байланысты, қазіргі заманғы оқу әдебиеті мамандығына қарамастан барлық білім алушыларға болып жатқан жаңғырту өзгерістерінің маңыздылығын түсінуге, сондай-ақ Қазақстандағы саяси процестердегі өз рөлі мен маңыздылығын анықтауға көмектеседі. Сондай-ақ, жарияланған құралдар мен әдістемелік ұсынымдар «Саясаттану», «Мемлекеттік басқару», «Менеджмент», «Құқықтану» және т.б. мамандықтар бойынша заманауи қазақстандық мамандарды даярлауды айтарлықтай жақсартуға көмектеседі, - деп атап өтті Ильдар Қалиев.
Барлық оқу әдебиеттері мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес келеді және Торайғыров университетінің Ғылыми Кеңесінің, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында "Әлеуметтік ғылымдар" секциясының РУМС ОӘБ ұсыныстары бар.
Тұсаукесерге Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті мен Инновациялық Еуразия университетінің саясаттанушылары қатысты.