Торайғыров университетінде VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы ұсынған негізгі тезистер талқыланған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Пленарлық отырыста заң ғылымдарының докторы, профессор,  Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьясы Айман Жатканбаева сөз сөйледі.

Айжан Жатканбаева - Қазақстан Республикасының "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" заңын, халықтың осал топтарының құқықтық мәртебесін жетілдіру жөніндегі халықаралық жобаны әзірлеуші, сондай-ақ ҚР Парламенті заң жобаларының сарапшысы; FIBA (Австрия) халықаралық агенттігінің сарапшысы.

Оның баяндамасы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастаған Қазақстан Республикасы Конституциясын қорғау жөніндегі түбегейлі жаңа мемлекеттік органның мақсаты мен жұмыс істеуіне арналған.

- Бүгінгі жағдайда біз бастаған ғылыми-практикалық конференция бүкіл қоғамымыз үшін зор маңызға ие. Себебі Қазақстан жаңа дәуірге қадам басуда. Біздің елімізде қоғамдық-саяси жүйенің нақты трансформациясы басталды. Мұны өткен президенттік сайлау және Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға жақында өткен сайлау дәлелдейді. Бұл туралы мемлекеттік аппарат жұмысындағы өзгерістер айтып отыр, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов. 

Сондай-ақ, В. Ф. Яковлев атындағы Орал мемлекеттік заң университетінің өкілі,  Конституциялық сот ісін жүргізу мәселелері бойынша сарапшы, ЮНЕСКО-ның қоғамдық үйлестіру-консультативтік кеңесінің мүшесі Игорь Остапович, Зелена-Гура университетінің заң ғылымдары институтынан (Польша қ.) - Стефан Дырка, Д. А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының проректоры Гүлнар Әлібаева сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын цифрландыру мәселелері, 2022 жылғы ҚР президенттік сайлауын талдау, сондай-ақ ҚР Парламентінің заң жобаларының мәселелері қозғалды.