Торайғыров университетінің студенттері оқушылармен бірге пікірсайыс турниріне қатысты. 

Турнирдің тақырыбы - «Жастар есірткіге қарсы».

 

 

 

Пікірсайыс турниріне Павлодар қаласының прокуроры, Павлодар облысы полиция департаментінің өкілі, сондай-ақ экономика және құқық факультетінің деканы Юрий Колесников және құқықтану кафедрасының меңгерушісі Серик Жетписов қатысты. Пікірсайыс 4 кезеңде өтті. Олардың әрқайсысында қатысушыларға берілген тақырыптар бойынша пікірталас жүргізу ұсынылды. «Оқушылар» және «Студенттер» командалары 6 адамнан тұрды.