. Торайғыров университетінде оқытушылар қатысқан «Жоғары оқу орнының үздік ғалымы» байқауының нәтижелері айтылды.

 

Негізгі критерийлер ретінде жобалар мен бағдарламаларға басшы ретінде қатысу, жарияланымдық белсенділік, ғылыми кадрларды даярлау, конкурстарға қатысу және т.б. ескерілді.

Жеңімпаз болып техника ғылымдарының докторы, Электрэнергетика кафедрасының профессоры Марк Клецель, постдокторант, Электрэнергетика кафедрасының профессоры Бауыржан Машрапов, Академиялық қызмет департаментінің директоры, қауымдастырылған профессор Асылбек Қасенов, Инженерия факультетінің деканы, көлік техникасы және логистика кафедрасының профессоры Қайратолла Әбішев және қауымдастырылған профессор, PhD докторы Римма Уалиева атанды.

- Торайғыров университетінде біздің оқытушылар мен профессорлар үнемі дамып отыруға мүдделі. Біздің студенттер алатын білім сапасы мен университеттің ғылыми әлеуеті осыған байланысты. ToU-да біз «Үздік ғалым» арнайы байқауын құрдық. Университет тарихында алғаш рет осындай сыйақы табыс етілді, оның көлемі биыл 1,3 миллион теңгеден асты. Алдағы уақытта ЖОО өкілдері осы конкурсқа неғұрлым белсенді қатысса, бәріміз үшін соғұрлым жақсы болады, - деп атап өтті Еркін Садықов.
Байқау университет оқытушыларында шығармашылық бастамаларға ынталандыруды қалыптастыру және ғылыми қызмет сапасын жетілдіру мақсатында өткізілді.