Торайғыров университетінде Наурыз көктемгі күн мен түннің теңелу мерекесі атап өтілді.

"Ауыл Думан" - университет мерекеде осындай атқа ие болды, қонақтарды студенттер филармониясының әртістерінің әндерімен және билерімен қарсы алды.

 

 

Мерекелік алаңдарда гір көтеру, арқан тарту, армрестлинг, асық ату және т.б. бойынша спорттық жарыстар өтті. Шақырылғандар палау, қуырдақ, бауырсақ, сондай – ақ дәстүрлі тағам-наурыз көжеден дәм тата алды.

- Наурыз мейрамын баршамызбен бірге шетелдік студенттер де қарсы алды. Олардың көпшілігі үшін мұндай көктемгі мерекелеу бірінші рет болды. Балалар осы мерекенің тарихы туралы біліп, көшпенділердің салт-дәстүрлерімен танысты. Көктемгі күн мен түннің теңелу күнінде біздің жоо-да осындай жайлы және біріктіруші атмосфераны құра алғандығымыз қуантады, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.