Торайғыров университетінде барлық деңгейдегі Парламент Мәжілісіне алдағы сайлау тақырыбында ЖОО студенттерімен диалогтық кездесу өтті. Кездесудің модераторы саясаттану ғылымдарының кандидаты, профессор Ильдар Қалиев болды.

 

 

 

- Егер біз демократиялық қоғамның жолымен жүргіміз келсе, 19 наурыздағы сайлауға қатысуымыз керек. Бұл туралы бүгін біз ToU студенттерімен сөйлестік. Балалар біздің өңірдің, біздің еліміздің қалай дамитыны олардың дауысына байланысты екенін түсінетініне сенімдімін, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

- Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та сайлау науқандарының жұмысы белсенді жүріп жатыр, өздеріңіз білесіздер, сайлауалды күреске 7 партия кірді, сізге 5 бюллетень беріледі. Жастар тек университеттің ғана емес, жалпы қоғамның ең белсенді бөлігі екенін атап өтемін. Сіздер үшін сайлау, барлық азаматтар сияқты, азаматтық ұстаным мен саяси мүмкіндік болып табылады, - деп атап өтті Ильдар Калиев.