Торайғыров университеттің жоғары колледжі кітапхананың оқу залында «Армысың әз-Наурыз» атап өтті. 

- Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының Наурыз мерекесін тойлауын көрсету. Студенттерді ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға баулу. Олар туралы қарапайым түсінік беріп қана қоймай, ата - баба мұрасы ретінде ұлттық дәстүрлерді тануға, құрметтеуге, түсінуге және жалғастыруға үйрету, - деп атап өтті кітапханашы Айтолкын Кайрулловна.

 

Іс-шараны дайындауға және өткізуге 30 студент қатысты. Мұнда асық ойнау және арқан тарту бойынша жарыстар, қонақтардың құрметіне шашу рәсімі өткізілді.