Торайғыров университетіне жұмыс сапарымен Румынияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мадалина Лупу келді.

 

Ынтымақтастық перспективалары туралы мәселелер талқыланды. 

- Бізді Румыниядан келген әріптестеріміздің жоғары білім беру жүйесіндегі жұмыс тәжірибесі қызықтырады және біз олармен осы мәселеде ынтымақтасуға дайынбыз, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов. 

Сонымен қатар, Мадалина Лупуға университет бойынша экскурсия өткізілді, онда университеттің ғылыми және бизнес-жобалары, сондай-ақ археологиялық мұражай таныстырылды.