Торайғыров университетінің ректоры Еркін Садықов ЖОО студенттерімен бейресми жағдайда сөйлесті. Кездесу студенттер тұратын кампуста өтті.

 

Диалог бірлескен кешкі аста өтті. Дастархан кампустарда жайылды. Студенттерге ToU-да оқу және тұру жағдайларына қатысты өз идеялары мен тілектерін айту ұсынылды.

- Біз студенттермен диалогқа әрқашан ашықпыз, өйткені білім беру саласында кері байланыс - ең маңыздысы, - деп атап өтті университет басшысы. - Бүгінде жастардың өздерін ғылымда көріп, жоғары білімнің қажеттілігін түсінгені қуантады. Біздің білім алушылар дәл осындай. Олардың оқуда да, университеттің қоғамдық өмірінде де табысты болғанын қалаймын. Ал біз өз кезегінде бұл үшін қажетті жағдай жасауға тырысамыз. 

Tou-дағы кешкі ас және басқа диалог форматтары болашақта да қолданылады. Бірақ ең бастысы - университет пен студенттер арасында тікелей байланыс болуы.