Торайғыров университетінде шетелде қалай білім алуға болатындығы туралы айтылды.

 

 - Торайғыров университетінде 7 стипендиялық бағдарлама бар: ҒжЖБМ, Erasmus+, Caspian Academy, Campus France, DAAD, Deula Neinburg және Loco.e.V. Соңғы екеуі Германиямен байланысты, бұл неміс тілінде оқуға деген сұранысты көрсетеді, - деп атап өтті International office директоры Айганым Карибаева. 

Сондай-ақ, кездесуде семестрді шетелде қалай оқу болатындығы айтылды: грантта бакалавриат студенттері үшін құжаттарды тапсыру шарттары, бағдарламалардың ерекшеліктері, қаржыландыру және т.б. туралы. 

Испанияға баратын Computer Science факультетінің студенті Азизбек Татенов академиялық ұтқырлық аясында құжаттарды қалай тапсырғанын айтты.
 -  Құжаттарды жинау өте оңай болды. Шынымды айтсам, сұхбат алдында уайымдадым, өйткені ол толығымен ағылшын тілінде, бірақ мен бұл мүмкіндікті жіберіп алғым келмеді, - деді Азизбек Татенов.