Торайғыров университетінің студенттері ТікТок-ты белсенді дамытып жатыр. Олар Қазақстан жоғары оқу орындары арасында миллиондаған қаралым жинауда.

 

"ToU Team" жастары ТікТок-та білім беру контентін дамытып жатыр.  Сонымен қатар, 2022 жылдың қорытындысы бойынша жастар ұйымдары арасында "Жыл жаңалығы" атанды. 

Еске сала кетсек, министрлік #тиктоктаүйренқазақстан #учисьвтиктокказахстан хештектерімен ғылым мен білімді танымал ету мақсатында жобаларды бастаған. Сондықтан, Торайғыров университетінде бұл бағытта белсенділік бар.

Бүгінгі таңда ТікТок сарапшылық және танымдық контентті ашуға мүмкіндік беретін танымал платформалардың бірі. 

- ТікТок тек көңіл көтеретін алаң емес. Бұл жерде түрлі мазмұндағы материал  табуға болады. Ол жас ғалымдар мен студенттер үшін пайдалы бола алады. Университеттің ТікТок парақшасын дамыту арқылы оқытушыларға білім беру үрдісінің түрлі форматта бола алатынын көрсетіп, жастарды көптеп тартқымыз келеді. Әлем өзгеріске толы, бұны ескеруіміз керек. Егер жастар ТікТок-қа бет бұрса, педагогтар да жас буын өкілдерімен бір арнада болуы керек, - дейді ЖОО ректоры Еркін Садықов.