Торайғыров университетінде марапаттау рәсімі өтті. 

 

Бұл күні «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері,Торайғыров университетінің медальдері, сонымен қатар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, облыстық мәслихат пен Торайғыров университетінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.

-Менің ойымша, жыл соңында әркім өз еңбегі үшін сыйақы алуға қуанышты. Торайғыров университеті ұжымының жұмысын тек біздің өңірімізде ғана емес, республика деңгейінде де бағалайтыны мен үшін екі есе қуанышты. Бүгінгі әрбір марапат университеттің игілігі үшін жұмыс істеуге және одан да үлкен құлшыныспен жұмыс істеуге ынталандырады деп үміттенемін.