Мерғалым ауылында көрнекті ғалым, қазақ әдебиетін ғылыми зерттеудің бастауында тұрған әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, Мұхтар Әуезовтің шәкірті және осы ауылдың тумасы Бекмарат Уақатовтың 90-жылдығына арналған «Фольклор – асыл қазына» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. 

Әдебиеттанушы атындағы жергілікті орта мектеп кітапханасына «Торайғыров университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы Еркін Садықовтың ұйымдастыруымен университеттің атынан зерттеушінің алты томдық еңбектер сериясы ұсынылды.

Конференцияға ауыл тұрғындары мен құрметті ақсақалдары, зерттеушінің туыстары және Аққулы ауданының әкімі Абзал Балғабаев қатысты. Іс-шарада жастар арасында қазақ мәдениетін зерттеу және дәріптеу тақырыптары көтерілді, сондай-ақ ғалымның мұрасы туралы айтылды.

– Бекмарат Уахатовтың қазақ фольклорын зерделеуге қосқан үлесі баға жетпес және кейінгі ұрпақтың оның жұмысымен таныс болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау – біздің міндетіміз, - деді Е. Бекмаханов атындағы тарих және этнография ғылыми-практикалық орталығының директоры Амантай Құдабаев.