«ЖасSTAR» халықаралық шығармашылық жастар фестивалі аясында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қрдың студенттік стипендиясын алуға арналған республикалық конкурстың жеңімпаздарын марапаттады.

 

 

Конкурс комиссиясының шешімімен үш студент стипендия алды: экономика және құқық факультетінің студенті Валентина Дмитренко, жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенті Айшат Бакутова және Computer Science факультетінің студенті Диана Сұлтанғазинова.

Стипендиялық бағдарламаның мақсаты белсенді дарынды жастарды анықтау және қазақстандық студенттердің оқу, ғылыми, шығармашылық және қоғамдық-пайдалы қызметін көтермелеу болып табылады. 2010 жылдан бастап 879 қазақстандық студент Қордың стипендиаттары атанды.

- Мен әрқашан өмірде әр жұмыс марапатталады деп сендім. Мен үшін стипендия алу – бұл марапат, мақтаныш, ең бастысы, ғылыми-зерттеу және қоғамдық жұмыстарда еңбекті одан әрі дамытуға ынталандыру, - дейді Экономика және құқық факультетінің студенті Валентина Дмитренко.

Ақылы және ақысыз негізде оқитын студенттер стипендияға үміткер бола алады. Қордың стипендиялары жеке болып табылады және жалпыға бірдей белгіленгеннен басқа төленеді, яғни конкурсқа қатысушы басқа гранттық және стипендиялық бағдарламалардың иегері бола алады.