Торайғыров университетінің базасында Республика күніне арналған «Атамекен – туған жер» атты жатжазу конкурсы өтті.

Айта кетейік, шараға 300-ге жуық жас қатысты. Алты студент жүлделі орындарға ие болды.

Аударма ісі мамандығының студенті 
Диляра Каирбаева жеңімпаз атанды. Екінші орынды  Арай Касенова мен Камила Бейсембай, үшінші орынды Динара Жұмағұлова  мен Аяулым Мұса өзара бөлісті. Олар Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттері.