Торайғыров университетінде "Жолдау-2022: дамудың жаңа трендтері" тақырыбында сарапшылар клубының отырысы өтті.

Кездесуді Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты мен "Павлодар облысының қоғамдық даму ақпараты басқармасы" ММ бастамасымен ұйымдастырды.
Кездесудің модераторы саясаттану ғылымдарының кандидаты, профессор Ильдар Қалиев болды. Институттың аға ғылыми қызметкерлері, тарих ғылымдарының кандидаттары, профессорлар Мұрат Сүлейманов пен Айгүл Тұрлыбекова, сондай-ақ ғылыми қызметкер, әлеуметтік ғылымдар магистрі Борис Поломарчук жаңа трендтерді дамыту тақырыбында баяндама жасады. Кездесу соңында Мемлекет басшысының Жолдауының барлық бағыттары бойынша түсініктемелер берілді.