Торайғыров университеті Павлодар химия-механикалық колледжімен серіктестігін жалғастыруда.

ЖОО делегациясы - мұнай-газ кафедрасының өкілдері, академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі Петр Быков, академиялық қызмет департаментінің директоры Асылбек Касенов-Павлодар химия-механикалық колледжіне барып қайтты. 
Ынтымақтастық шеңберінде ЖОО-ға түсу үшін колледж студенттерінің кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша өзара іс-қимыл жалғасуда.
Сондай-ақ, Торайғыров университет пен колледждің студенттері үшін бір-бірінің базаларында сабақтарды өзара өткізу және университет студенттерінің WorldSkills байқауына қатысу мәселелері талқыланды.