Павлодар ауданының фермерлері Торайғыров университеттің студенттеріне тағы да көмек көрсетті: студенттік үйлерге 50 қап картоп тапсырды.

 


Биыл Павлодар ауданында көкөністерден мол өнім алынды. Жергілікті картоп жақсы дәмімен және сақтау мерзімімен танымал.
- Студенттер үшін бұл өте маңызды көмек, өйткені бүгінгі таңда азық - түлік арзан емес, - деп атап өтті ToU ректоры Еркін Садықов. - Павлодар ауданының әкімі Ержан Иманслямға және студент жастарымызды қолдауға шешім қабылдаған барлық аграршыларға алғыс айтқым келеді.
Екі кампустың тұрғындарына екі жарым тоннадан астам картоп берілді. Студенттер бүгін кешкі ас кезінде павлодарлық картопты сынап көретіндерін айтты.