Торайғыров университетінде Қарттар күні атап өтілді.

Қонақтарды қарсы ала отырып, ToU ректоры Еркин Садыков келген ардагерлерді мерекемен құттықтап, ұзақ ғұмыр тілеп, көп жылдық адал еңбегі үшін алғыс айтты. 
- Біз сіздердің арқаларыңда Қазақстандағы үздіктердің бірі болып табылатын жоғары оқу орнымыздың дамуына қосқан үлестеріңізді жоғары бағалаймыз. Әрине, университеттің қай бағытқа бет бұру керектігі туралы сіздердің пікірлеріңіз біз үшін аса маңызды, өйткені сіздердің оқу ордамыздағы жұмыс істеу тәжірибелеріңіз мол және оның қыр-сырын жақсы білесіздер.
Университет филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистері сыйлық ретінде жарқын концерттік бағдарлама ұсынды.