Торайғыров университетінің  ғылыми кеңесінде оқытушылар құрмет грамоталарымен марапатталды. 

Торайғыров университетінің ректоры Еркін Садықов техника ғылымдарының кандидаты, машина жасау және стандарттау кафедрасының профессоры Асылбек Касеновке және сәулет және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Галина Старковаға құрмет грамоталарын табыс етті.


 

Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағы Галина Старковаға "Құрметті сәулетші" мәртебесін берді. 

Қазақстан машина жасаушылар одағының мерейтойлық, Х форумында машина жасаушылар күні қарсаңында Асылбек Қасенов Қазақстанда машина жасау саласы үшін кадрлар даярлау және сындарлы шешімдер әзірлеу бойынша Машина жасауды дамытуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі үшін ғылыми-техникалық және практикалық маңыздылығын бірегей әзірлегені үшін «Құрметті машина жасаушы» төсбелгісімен марапатталды.