Торайғыров университетінің қызметкерлері кәсіпкерлік білім беру стратегиясын және кәсіпкерлік саласындағы білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша оқытудан өтеді.

 

 

 

Торайғыров университеті «Орталық Азияда түлектерді жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау арқылы студенттердің инновациялық тәсілдері мен кәсіпкерлік дағдыларын ынталандыру – TRIGGER» Еуропалық Одақ жобасының қатысушысы болып табылады. 
Жобаның мақсаты - Орталық Азия елдерінде түлектерді жақсы жұмысқа орналастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы экономиканың өсуіне ықпал ету. 
Консорциумға Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстаннан келген 10 Орталық Азия университеттері, сондай-ақ Словакия, Франция, Грекия және Австриядан келген еуропалық әріптестер мүше болып табылады. 

Семинардың жаттықтырушылары Еуропа елдерінен (Австрия, Словакия, Франция) серіктес жоғары оқу орындарының өкілдері болып табылады.