Торайғыров университетіне Чех аграрлық университетінің өкілі Ян Коукал келді. 
Сапардың мақсаты орман шаруашылығы бағыты бойынша ЖОО-дағы дайындықпен танысу және ЖОО арасындағы академиялық ынтымақтастықтың келешегін талқылау болды.


 

Агротехнология кафедрасында чехиялық қонаққа оқу аудиториялары мен ғылыми зертханалар көрсетілді. Зертханалар базасында ғылыми жобалардың негізгі нәтижелері және зерттеулердің өңірдегі АӨК практикалық міндеттерімен байланысы ұсынылды.
Агротехнология кафедрасының қызметкерлерімен бірге Ян Коукал Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында, Баянауыл МҰТП және "Ертіс орманы" МОТР тәжірибелер базалары мен филиалдарында болды.